Размер шрифта:
«Алтын тұғыр»
25-11-2022 00:56
«Алтын тұғыр»
      Қарағандыда бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын Тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының өңірлік кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – бастауыш мектеп мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру.
Олимпиада мұғалімдердің зерттеушілік және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауға, математиканы оқыту процесін жетілдіруге; жоғары кәсіби мұғалімдерді анықтау және қолдауға, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтардың біліктілігі мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
2022 жылы жарысқа Қарағанды облысының 152 педагогі қатысты. Құзыретті қазылар алқасының шешімі бойынша 1 дәрежелі диплом және олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алған 6 жеңімпаз анықталды:
•    Стамбекова Шынар Данағұлқызы,  «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ, Балқаш қ.;
•    Майкенова Мадина Кабылкаримовна, «Байқадам ЖББМ» КММ, Бұқар-жырау ауданы;
•    Капинос Наталья Валерьевна, «№45 гимназия» КММ, Қарағанды қ. ;
•    Федорова Анна Евгеньевна, «Әлімхан Ермеков атындағы №2 ЖББМ» КММ, Қарқаралы ауданы;
•    Романовская Лариса Валерьевна, «№97 гимназия» КММ, Қарағанды қ.;
•    Абдрахманова Гульнур Тишбековна, «Абай атындағы ЖББМ» КММ, Саран қ.
Сондай-ақ, 20 педагогке 2-ші дәрежелі дипломдар табысталды, 34 педагог 3 орынға ие болды. 15 мұғалімге мадақтамалар табысталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!