Размер шрифта:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттері арасындағы «Егемен Қазақстан тарихы» облыстық олимпиадасы
25-11-2022 01:04
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  ұйымдарының 1-2 курс студенттері арасындағы «Егемен Қазақстан тарихы» облыстық олимпиадасы

      2022 жылдың 25 қарашасында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі өз базасында Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша Облыстық әдістемелік бірлестігінің  жұмысы аясында ТжКОББ ұйымдарының 1-2 курс студенттері арасында «Егемен Қазақстан тарихы» облыстық олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты Қазақстан тарихы бойынша өңірдің үздік студенттерін анықтау болып табылады. Бұл іс-шара еліміздің тарихи дамуы мен мәдени мұрасын зерделеу арқылы туған елге, жерге, жалпы әлемге деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған.

Олимпиаданың ашылуында колледж директоры Әміров Есжан Сарманқұлұлы, Қарағанды облысының «Сарыарқа дарыны» балаларға арналған қосымша білім беру өңірлік ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Әділбаев Ардақ Маралұлы алғы сөз сөйледі. 

Олимпиадаға облыс колледждерінің 41 студенті қатысты.

Нәтижелер қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Қазақ тіліндегі бағыт бойынша:

І орын - Тілеубекова Аяла Тілеужанқызы, «Шет тілдер колледжі» ЖММ студенті;

ІІ орын - Таутай Наргиза Сәбитқызы, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті;

ІІІ орын - Несіпбек Зарина, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ студенті.

Орыс тіліндегі бағыт бойынша:

І орын - Арманұлы Дарын, «Шет тілдер колледжі» ЖММ студенті;

ІІ орын - Миллер Виктория Максимовна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті;

ІІІ орын - Овчаров Петр Константинович, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ студенті.

 Олимпиада соңында жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.