2016 жылдың 29 қаңтарында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы базасында облыстық әдістемелік бірлестігінің 2-ші отырысы өткізілді.
2016 жылдың 29 қаңтарында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы базасында Қарағанды облысының арнайы (коррекциялық) мектеп-интернаттары, балалар үйлері мен кәмелетке толмағандардың бейімделу орталықтары тәрбиешілерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің 2-ші отырысы өткізілді.
Отырыс барысында білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайындағы тәрбиелік жұмыс жүйесінің дамуы мәселелері талқыланды, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының құжаттамаларды жүргізуіне деген ортақ талаптар анықталды. Отырысқа ОӘБ 10 мүшесі қатысты.