Размер шрифта:
«Оқырман отбасы» байқауының облыстық іріктеу кезеңі
24-11-2022 10:18
«Оқырман отбасы» байқауының облыстық іріктеу кезеңі

      Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, ZOOM платформасында онлайн режимде 2022 жылдың 24 қараша күні мамандандырылған мектеп-интернаттар арасында, 25 қараша күні аудан/қала үміткерлері арасында «Бір отбасы - бір кітап» акциясы аясындағы «Оқырман отбасы» облыстық байқауының іріктеу кезеңі өтті.Байқау екі тілде, мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілді.

Мамандандырылған мектеп-интернаттардан 12 отбасы, аудан/қала бойынша 23 отбасы іріктеу кезеңіне қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша байқаудың ақтық кезеңіне (финалға) 16 отбасы жолдама алды.

Мамандандырылған мектеп-интернаттар бойынша 4 отбасы:

  1. Әбділдә отбасы, «Н.Нұрмақов атындағы» ММЛИ;
  2. Бақытболаттар отбасы, «Озат» ақпараттық технологиялар ММЛ;
  3. Амантай отбасы, «Жамбыл атындағы» ММЛИ;
  4. Алпысовтар отбасы, «Дарын» ММЛИ.

Аудан/қала бойынша 12 отбасы:

  1. Хасановтар отбасы, Шет ауданы;
  2. Нурмагамбетовтар отбасы, Балқаш қаласы;
  3. Храмовтар отбасы, Теміртау қаласы;
  4. Сурначевтер отбасы, Саран қаласы;
  5. Омашевтар отбасы, Осакаров ауданы;
  6.  Ақылбек отбасы, Ақтоғай ауданы;
  7.  Калкеновтер отбасы, Қарағанды қаласы;
  8.  Шәріптер отбасы, Қарқаралы ауданы;
  9. Тулеубековтер отбасы, Осакаров ауданы;
  10. Тілеуғабыл отбасы, Саран қаласы;
  11. Касеновтер отбасы, Шахтинск қаласы;
  12. Әбдіқасовтар отбасы, Шет ауданы.

Облыстық іріктеу кезеңіне қатысып, өз өнерлерін көрсеткен барлық отбасына алғыс айтамыз. Ақтық кезеңге өткен 16 отбасына сәттілік тілейміз!