Размер шрифта:
Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтерге арналған семинары
30-11-2022 08:22
Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтерге арналған семинары
      2022 жылдың 30 қарашасында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды 
облысының «Өркен» педагогтерінің қоғамдық бірлестігімен бірлесіп қосымша білім беру 
ұйымдарының жас педагогтеріне арналған семинар өткізді.
Іс-шара барысында Осакаров ауданының «Жастар»БЖО» КМҚК педагогтері педагогикалық 
әдеп ережелерін сақтау, дарынды балалардың жобалық қызметіне дайындық, педагогтің өз 
білімін жетілдіруі және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс түрлерін ұйымдастыру
 мәселелерін талқылады.