2022 жылдың 29-30 қарашасында Қарағанды техника-құрылыс колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы құрылыс саласы бойынша кәсіби шеберліктің ІІ республикалық конкурсы өтті.
Конкурстыңмақсаты – құрылыс саласындағы ТжКОББ ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтерін анықтау және қолдау.
Конкурсқа«Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша «Бояу және сәндік жұмыстар», «Кірпіш қалау» құзыреттері бойынша облыстық кезеңдердің жеңімпаздары, арнайы пән оқытушылары мен ТжКОББ ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Өтініштер Республиканың 16 өңірінен екі құзыреттері бойынша берілді. Қарағанды облысының атынан облыстық кезеңнің жеңімпазы атанған 2 оқытушықатысты.
Конкурсбарысында оқытушылартеориялық және практикалық дайындықтарын, кәсіби шеберліктерін, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануды және жоғары еңбек мәдениетін көрсетті.
Барлық модульдер белгілі бір критерийлер бойынша бағаланды, бұл конкурсқа қатысушылардың нәтижелерін ашық бақылауға мүмкіндік берді. Конкурстық комиссияжұмысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Бояу және сәндік жұмыстар» құзыреті:
1 орын – Скакова Айгерим Ниязхановна, Абай ауданы «Құрылыс колледжі» КМК арнайы пәндер оқытушысы;
1 орын – Хуантхан Дина, «Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері;
2 орын – Сисенов Аян Абдолұлы, «Атырау энергетика және құрылыс колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;
3 орын – Калабаева Айна Ибраимбаевна, Алматы облысы «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» МКҚК арнайы пәндер оқытушысы;
«Кірпіш қалау» құзыреті:
1 орын – Ұлықпанов Нұрлыхан Асланұлы, «Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі» КМҚКөндірістік оқыту шебері;
2 орын – Сулейменов Аян Махметұлы, «Көкшетау қаласы құрылыс-технологиялық колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері;
3 орын – Шуыншали Берик Жәрдемұлы, «Жамбыл политехникалық жоғары колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері.
Барлық қатысушылар алғыс хаттармен, жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыс тілейміз!