2022 жылдың 5 желтоқсанында Қарағанды облысы бойынша білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Заманауи мектепке дейінгі ұйымды басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың резервтегі директорларына арналған курс басталды.
Курстың 1-ші күні келесі сұрақтардан тұрды: «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жетілдірудің негізгі бағыттары. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнындағы жаңашылдықтар туралы», «Білім беру ұйымының көшбасшысы ретіндегі басшы имиджі», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі»,
«Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау мәселелері. Сараптамалық кеңес ережесі», «Бала тұлғасының қалыптасуына заманауи психологиялық көзқарас»
Курс оффлайн форматта өтті, 37 педагог қатысты.