Размер шрифта:
2022 жылдың желтоқсан айының 5-6 күні «Begin IT» жобасы аясында Астанада GameFEST іс-шарасы өтті.
06-12-2022 11:29
2022 жылдың желтоқсан айының  5-6 күні  «Begin IT» жобасы аясында Астанада GameFEST іс-шарасы өтті.

2022 жылдың желтоқсан айының  5-6 күні  «Begin IT» жобасы аясында Астанада GameFEST іс-шарасы өтті. «Begin IT» жобасы оқушылар үшін бағдарламалау негіздері және басқа да цифрлық дағдылар бойынша тегін тәжірибеге бағытталған оқыту бағдарламасын ұсынады. Іс-шараның мақсаты: ауыл оқушыларын компьютерлік және мобильді ойындар құру призмасы арқылы бағдарламалауды үйренуге ынталандыру, сондай-ақ Қазақстанның IT саласымен таныстыру. Іс-шара Назарбаев атындағы университетке экскурсиядан басталды. Мұғалімдер үшін «Информатиканы оқытудың инновациялық әдістері» интенсиві жүргізілді. Іс-шараға Қарағанды, Түркістан, Алматы, Қызылорда және т.б. облыстар қатысты. Барлығы 38 мектеп оқушысы қатысты. Қарағанды облысынан 2022-2023 оқу жылының 1 тоқсанының қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 20 оқушы қатысты. Бұл келесі білім беру ұйымдары: «№9 гимназиясының базасындағы тірек мектебі (РО)» Осакаров ауданы,  Осакаров ауданы; «Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы», Шет ауданы; «Шашубай кентіндегі Мектеп-балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі(РО)», Ақтоғай ауданы; «Ю. А. Гагарин атындағы мектеп-лицей", Шет ауданы: «Ш. Уәлиханов атындағы ЖББМ», Нұра ауданы және «Таңшолпан» балалар үйі.