Размер шрифта:
«TopIQ.kz» цифрлық оқулықтар платформасымен танысу
07-12-2022 20:57
«TopIQ.kz» цифрлық оқулықтар платформасымен танысу

 2022 жылдың 07 желтоқсаны күні «TopIQ.kz» цифрлық оқулықтар платформасымен таныстыру мақсатында «Алматыкітап» баспасымен Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының директорлары, директордың орынбасарлары, кітапханашылар мен педагогтері үшін  семинар өткізілді. Семинар Қарағанды қаласының «Шәкәрім атындағы гимназиясы» КММ базасында ұйымдастырылды. Семинарға 200-ге тарта педагогтер қатысты.

 Семинар барысында «Алматыкітап баспасы» тренинг-орталығының жетекшісі Құдайберген Гүлнұр Серікқызы «TopIQ.kz» платформасындағы цифрлық оқулықтарды пайдалану кезінде оқушылардың түрлі интерактивті тапсырмаларды орындауға, бейне және аудио материалдар қорын пайдалануға мүмкіндік алатындығы туралы айтып өтті. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларына арналған   цифрлық   контенттерге жеке тоқталып, бұндай платформаның оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруда маңызы зор екендігін атап көрсетті.    

Білім беру платформасымен табысты жұмыс істеу факторларының бірі-мұғалімнің жеке оқу траекторияларын құру мүмкіндігі. «Шәкәрім атындағы гимназия» КММ директорының орынбасары Зиновьева Людмила Дмитриевна және Мартемьянова Елена Николаевна баспа оқулығымен қатар web-платформада электронды оқулықтарды пайдаланған жобаға қатысушы сыныптарда білім сапасының өскенін атап өтті. Платформамен жұмыс жасай отырып, оқушылар оқу іс-әрекетінің әртүрлі түрлерін орындайды, ХХІ ғасыр дағдыларының ажырамас бөлігі болып табылатын АКТ дағдыларын үйренеді.

«TopIQ.kz» платформасының мазмұнын семинар  қатысушылары жоғары бағалап, қызығушылық танытты. Семинар соңында қатысушылар платформадағы қосымша әдебиеттер тізімі оқу бағдарламасына сәйкес жинақталса деген ұсыныстарын білдірді.