Размер шрифта:
TopIQ.kz
08-12-2022 15:41
TopIQ.kz

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және «Алматыкітап баспасы» тарапынан 2022 жылдың 8 желтоқсанында «Бірінші Теміртау классикалық лицейі» КММ базасында цифрлық оқулықтардың «TopIQ.kz» платформасы бойынша семинар өткізілді. Президент Қ.Ж.Тоқаевтың жолдауындағы тапсырмалардың бірі Қазақстанды цифрландыруды қарастыру болатын. Семинарға Теміртау қаласының білім беру ұйымдарының 100-ден арта директорлары, директор орынбасарлары, кітапханашылар мен мұғалімдері қатысты.

Семинар спикері «Алматыкітап баспасы» тренинг орталығының жетекшісі Құдайберген Гүлнұр Серікқызы «TopIQ.kz» платформасындағы цифрлық оқулықтар бойынша толық ақпарат берді.

Аталған платформада оқушылар әртүрлі интерактивті тапсырмаларды орындай алады, бейне және аудио деректер базасын пайдалана алады, сол арқылы білімге деген қызығушылықтарын арттырады. Бұл білім беру платформасының көмегімен мұғалім әр оқушыға жеке оқу жолдарын құрастыратыны түсіндірілді. Қарағанды қаласының «Шәкәрім атындағы гимназия» КММ директорының орынбасары Зиновьева Людмила Дмитриевна мен бастауыш сынып мұғалімі Мартемьянова Елена Николаевна өз тәжірибелерімен бөлісіп, бесінші жыл жұмыс жасап жатқан бұл алаңның артықшылықтарына тоқталды. Баяндамашылар электронды оқулықтарды web -платформада баспа оқулықтарымен қатар қолдану барысында оқушылардың білім сапасының артып, оқушылардың оқу іс-әрекетінің әртүрлі түрлерін орындайтынын, XXI ғасыр дағдыларының құрамдас бөлігі болып табылатын АКТ дағдыларын меңгеретінін атап өтті.

TopIQ.kz алаңының жұмысы бойынша пікір алмасу барысында Теміртау қаласының мектептерінде оқушылардың ынтасын, білім сапасын арттыру, сонымен қатар «Оқушының рюкзагын жеңілдету» мақсатында осы платформаны енгізу бойынша көптеген оң пікірлер айтылды.