Размер шрифта:
«SPEAKING ENGLISH» жобасы аясында шеберлік сыныптар.
09-12-2022 08:07
«SPEAKING ENGLISH» жобасы аясында  шеберлік сыныптар.

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 09 желтоқсанында қалалық аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың орынбасарларына, ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері үшін  «Элективті курстарда тілдік дағдыларды дамыту» тақырыбында шеберлік сыныптар өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты.

Шеберлік сыныптар барысында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

Голынская Ильсияр Рафаиловна, Қарағанды қаласы «Қазыбек Нұржанов атындағы гимназия» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;

Ахроменко Наталья Михайловна, Қарағанды қаласы «Қазыбек Нұржанов атындағы гимназия» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Попова Юлия Сергеевна, Қарағанды қаласы «Қазыбек Нұржанов атындағы гимназия» КММ биология пәнінің мұғалімі;

Бабич Лариса Алексеевна, Қарағанды қаласы «Қазыбек Нұржанов атындағы гимназия» КММ химия пәнінің мұғалімі.