Размер шрифта:
«WorldSkills Kazakhstan 2022» республикалық чемпионатының қорытындылары
12-12-2022 13:02
«WorldSkills Kazakhstan 2022» республикалық чемпионатының қорытындылары

       2022 жылды 4 желтоқсаны мен 11 желтоқсан аралығында Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығында «WorldSkills Kazakhstan 2022» республикалық чемпионаты өтті.

Чемпионаттың мақсаты - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту.

Чемпионатқа республиканың барлық өңірлерінен 500-ден астам колледж студенттері мен жұмысшы жастар қатысты.

Қарағанды облысынан27 құзырет бойынша 28 қатысушы ұсынылды.

Қарағанды облысының командасы 6 алтын, 3 күміс, 2 қола және 12 үздік медальон жеңіп алды.

Жүлделі орындар саны бойынша қорытынды есепте Қарағанды облысы бірінші орынды иеленді!

Чемпионат қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Тілеуғабыл Нұрсұлтан Айдосұлы, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК, «Плиткамен қаптау» құзыреті бойынша

1 орын - Яшутин Денис Максимович, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ, «Шанақты жөндеу» құзыреті бойынша

1 орын - Алексеев Андрей Александрович, «Қарағанды тамақтану және сервис колледж» КММ, «Наубайхана ісі» құзыреті бойынша

1 орын - Аронов Аян Рамазанұлы, «Қарағанды тау-кен индустриалды колледжі» КММ, «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреті бойынша

1 орын-  Рудыкин Александр Вячеславович, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК, «Электроника» құзыреті бойынша

1 орын - Фарфудинов Данил Владиславович, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Веб технологиясы» құзыреті бойынша

2 орын - Нұрғалиев Руслан Рамазанұлы, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК, «Сантехника және жылыту» құзыреті бойынша

2 орын - Садыйков Владислав Рүстемұлы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Инженерлік графика CAD» құзыреті бойынша

2 орын - Холстов Данил Юрьевич, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Графикалық дизайн» құзыреті бойынша

3 орын - Фомиченко Артем Сергеевич, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Мейрамхана қызметі» құзыреті бойынша

3 орын - Беляева Александра Сергеевна, «Сервис колледжі» ЖММ, «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша

Медальон - Жайлеубай Лаура Марғұланқызы, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК, «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреті бойынша

Медальон - Хайрат Жоламан, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК, «Кірпіш қалау» құзыреті бойынша

Медальон - Бектұрсын Жансая Ерболатқызы, «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ, «Кондитерлік ісі» құзыреті бойынша

Медальон - Полохов Владислав Юрьевич, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Прототиптеу» құзыреті бойынша

Медальон - Ткачев Николай Дмитриевич, «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ, «CББстаноктардағытокарлық жұмыстар» құзыреті бойынша

Медальон - Дүйсенбаев Мирас Медетұлы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреті бойынша

Медальон - Андросов Дмитрий Евгеньевич, «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ, «Аспаздық ісі» құзыреті бойынша

Медальон-  Котова Полина Олеговна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК, «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреті бойынша

Медальон - Лочь Малика Закировна, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ, «Сән технологиясы» құзыреті бойынша

Медальон-  Восипенок Ксения Александровна, «Академик К.А.Сағынов атындағы Колледж-Мектеп», «Қонақ ресепшионист» құзыреті бойынша

Медальон-Кәріпбеков Диас Нұрланұлы, «Қарағанды «Bolashaq жоғары колледжі» ЖММ, «Мобильді робототехника»құзыреті бойынша

Медальон-Камалдинов Евгений Анатольевич, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК, «Мобильді робототехника»құзыреті бойынша

Чемпионаттың барлық қатысушыларын, сарапшыларды, бас сарапшыларды, бас сарапшылардың орынбасарларын, колледж директорларын жеңісімен құттықтаймыз! Сізге сәттілік және кәсіби қызметте керемет нәтижелер тілейміз!

Жеңімпаздарымызға EuroSkills 2022 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын табысты таныстыруды тілейміз!!