2022 жылдың 15 желтоқсанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мен педагог боламын» бейіндік жоба аясында педагогикалық сынып нетворкингі онлайн форматта өтті. Теміртау қаласының «№9 лицейі» КММ педагогтері іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Мектеп директоры Ш.М.Ескендирова бейіндік жобаның мақсат, міндеттері мен жүргізілу барысына тоқталды.
Психолог - С.Н.Абдрасилова «Педагогика әлемі» курсы оқушыларғапедагогикалық мамандық жөнінде алғашқы білімдерді алуға көмектесетіндігін. Курс мазмұны оқушылардың теориялық білімдерін тереңдетуге, болашақ педагогикалық кәсіби іс-әрекетке деген танымдық ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, өздігінен білім алу іскерліктерін шыңдап, зерттеу бейімділіктерін жетілдіруге бағытталғандығын атап өтті.
З.У.Азимкулова денешынықтыру пәні мұғалімі ата –ана кәсібі бала үшін мәртебе екендігін ұлықтап, ұстаздар әулеті жалғасы екендігін мақтан ететіндігімен бөлісті.
Нетворкингке 40 педагог қатысты.