Размер шрифта:
«Жыл мұғалімі – 2022» облыстық байқауы
14-12-2022 14:40
«Жыл мұғалімі – 2022» облыстық байқауы

      Қарағанды облысының білім басқармасы 2022 жылдың 14 желтоқсан күні Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында, облыстың дарынды педагогтарын анықтау, көтермелеу, қолдау шеңберінде алтыншы жыл «Жыл мұғалімі» облыстық байқауын өткізді.

«Жыл мұғалімі» облыстық байқауы педагогикалық кәсіптің мәртебесін арттыру, педагогикалық кредоны, жеке әлеуетін көрсету және облыс мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Конкурстық қазылар алқасының құрамына Қоғамдық кеңес мүшелері, педагогикалық еңбек ардагерлері, Нұр Отан, «Өрлеу» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, білім басқармасы, оқу-әдістемелік орталығының, гуманитарлық колледждердің директорлары кірді.

Байқаудың 3 кезеңінің қорытындысы бойынша төрт жүлделі орын анықталды: гран-при, 1 орын, 2 орын және 3 орын және төрт номинация:

«Гран-при» - Куанышбаева Гаухар Салтанатовна, Балқаш қаласы, «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

1 орын - Абылай Нұрдаулет Досжанұлы, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей интернаты» КММ математика пәнінің мұғалімі;

2 орын - Абдрахманова Арай Владимировна, «№2 БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицей – интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

3 орын – Мининкова Татьяна Владимировна, Теміртау қаласы, «Бірінші Теміртау классикалық лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;

Келесі байқау қатысушылары арнайы сыйлықтар мен номинацияларға ие болды:

Азамат Рамазанұлы атындағы арнайы грант иегері - Түркенова Айгерім Өміртайқызы, Саран қаласы, «Абай атындағы ЖББМ» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;

«Ең үздік үй тапсырмасы» номинациясының иегері - Сакбаева Гульжан Амангельдиевна, «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

«Ең үздік сыныптан тыс іс-шара» номинациясының иегері - Шакетова Назира Жарылғаповна, Приозерск қаласы, «№1 ЖББМ» математика пәнінің мұғалімі;

«Ең үздік сабақ» номинациясының иегері - Жанабекова Гаухар Аубакировна, Шет ауданы, «Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі;

«Көрермендер көзайымы» номинациясының иегері - Жумакелд Айжан, Абай ауданы, «Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!