Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
15-12-2022 15:51
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың желтоқсан айының 15-і күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

  • Қысқы мектепті ұйымдастыру туралы
  • Шет ауданының білім бөлімінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсыну;
  • «Дарын»ММИ 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсыну
  • «БИЛ №1»2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсыну

 

Әдістемелік күнге 23 маман қатысты.