Анонс
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 22 желтоқсан күні «Бір отбасы-бір кітап» облыстық Акциясы аясында «Оқырман отбасы» байқауының ақтық кезеңін өткізеді.
Өтетін орны – Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ (Қарағанды қ. Кеншілер даңғылы, 64)
Өтетін уақыты– 13.00.
Отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқырмандардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, оқу мәдениетін дамыту, оқырман отбасын анықтау мақсатында ұйымдастырылады.
Ақтық кезеңге өткен отбасыларына сәттілік тілейміз!