Химия және биология сабақтарында сыни ойлауды дамытамыз
15-12-2022 11:13
Химия және биология сабақтарында сыни ойлауды дамытамыз

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 15 желтоқсанда «Химия және биология сабақтарында сыни ойлауды дамытамыз» тақырыбында нетворкинг өткізді.

Мақсаты: сыни ойлауды дамытудағы химия және биология мұғалімдерінің тәжірибесін жинақтау, тәжірибе алмасу.

Абай ауданының мұғалімдері: «А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп –гимназиясы» КММ химия мұғалімі, педагог-зерттеуші Романова Ольга Васильевна мен биология мұғалімі, педагог-зерттеуші Гупалова Людмила Александровна, жағдайды әр қырынан көруге, өз өмірінде қолдануға, логикалық және дәйекті түрде пайымдауға, тиімді және стандартты емес шешімдер қабылдауға үйретті.  

Нетворкингті өткізу барысында мұғалімдер оқушыларды өз пәніне қалай қызықтыратынын және оны өз мамандығы ретінде таңдауға ықпал ететіні жайлы айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар саны: 89