Халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында «Қазақстандағы код сағаты» акциясы
19-12-2022 11:14
Халықаралық «Компьютерлік  ғылымдар   апталығы» аясында «Қазақстандағы  код сағаты» акциясы

      Халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында 2022 жылғы 5-18 желтоқсан аралығында  Қарағанды облысында «Қазақстандағы Код сағаты» акциясы өткізілді.

Мақсаты - оқушылардың ақпараттық технологияларға, соның ішінде   қолданбалы   бағдарламалауға   қызығушылығын  арттыру.

Акция аясында барлық білім беру ұйымдарында 3-11 сынып оқушыларына арналған тақырыптық сабақтар өткізілді.

Акция информатика мен бағдарламалауды зерделеуді насихаттауға, сондай-ақ бүгінгі таңда ең сұранысқа ие ІТ-кәсіптердің беделін арттыруға бағытталған. «Код сағаты» барысында оқушылар интерактивті тренажерларды меңгеріп, төрт қолмен бағдарламалау негіздерімен танысты, сонымен қатар практикалық сабақтар жасанды интеллектті меңгеруге бағытталды. Практикалық модульден өткеннен кейін оқушылар сертификаттар алды.

Қарағанды облысы бойынша акцияға 43 039 оқушы қатысты.