Размер шрифта:
Көркем еңбек мұғалімдеріне арналған шебер сыныптар
15-12-2022 11:18
Көркем еңбек мұғалімдеріне арналған шебер сыныптар

      Қарағанды облыс білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 15 желтоқсан күні «Әсемдік әлемінің құдыреті» байқауының қорытындысы бойынша көркем еңбек пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибесін тарату, құзыреттілігін арттыру мақсатында шебер сыныптар өткізді. Шебер сыныпта көркем еңбек пәні мұғалімдері «Ілмек бізбен тоқу», «Сәндік қолданбалы өнер: ағаш өндеу», «Аппликация / панно» жұмыстарын көрсетіп тәжірибелерімен бөлісті.

Өз тәжірибелерімен бөліскен байқаудың жеңімпаздары: Канатбекова Гульден Алтынбековна, Балқаш қаласы «Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп - гимназия» КММ; Амелин Константин Николаевич, Теміртау қаласы «№27 ЖББМ» КММ; Қуандық Айтолқын, Қарағанды қаласы «№8 ЖББМ» КММ.

Қатысушылар саны: 89 мұғалім.