2022 жылғы 13-14 желтоқсанда Алматы қ. Республикалық жоғары медициналық колледжінің базасында денсаулық сақтау саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіптік шеберлік конкурсы өткізілді.
Конкурсқа Алматы, Шымкент қалаларының сондай-ақ республиканың 7 облысыныңТжКОБ ұйымдарының 0940100 «Зертханалық диагностика»мамандығы бойынша 9 арнайы пән оқытушылары қатысты. Қарағанды облысының атынан«Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлікколледжі»КМК педагогы қатысты.
Байқауға қатысушылар 4 модуль бойынша теориялық және практикалық дайындықтарын, кәсіби біліктерімен дағдыларын көрсетті.
Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар тағайындалды. Біздің облыстың өкілі, Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлікколледжінің оқытушысы КопобаевАсахатСаркитовичреспубликалық конкурстың 2-ші орын иегеріатанып, «Қазақстанның медициналық колледждер Одағының» ақшалай сертификатына ие болды.
Жеңімпазымызды құттықтаймыз және табыс тілейміз!