Размер шрифта:
Мамандандырылған мектеп-лицей интернат директорлары және директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік күн
19-12-2022 09:36
Мамандандырылған мектеп-лицей интернат директорлары және директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік күн

       Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 19 желтоқсанында онлайн режимде мамандандырылған мектеп-лицей интернат директорлары және директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік күн өткізді.Әдістемелік күн барысында «Өнегеліөмір» жобасы аясында атқарылып жатқан іс-шара туралы және «Ақпараттық технология мамандандырылған мектеп-лицей интернат» КММ сайт жұмыстарының жүргізілуі жайында тәжірибе алмасты.

Орталықтың әдіскері С.К. Тулепбекова, Тукбаева З.И. химия, биология және дене шынықтыру пәндері мұғалімдеріне арналған «Үздік бейне сабақ» байқауының қорытындысы туралы талдау жасалды.