Размер шрифта:
ТУҒАН ӨЛКЕ СЫРЛАРЫ
21-12-2022 17:06
ТУҒАН ӨЛКЕ СЫРЛАРЫ

     2022 жылдың 21 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Туған өлке сырлары» облыстық жобасы аясында ZOOM платформасында онлайн түрде вебинар өткізді. Осакаров ауданындағы мектептердің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Ұстаздар оқушылармен бірлесе отырып, Осакаров ауданының тарихы, оның батырлары, аңыз-әңгімелері, ақындары мен сазгерлері жайында  атқарылған жұмыстарын ұсынды. Нияз батыр, Байдалы Бекшеұлы, Қызыр Рамазанұлы, Наурызхан Анаргүл және басқа да біртуар тұлғалардың осы өңірдің өркендеуіне қосқан үлестері туралы ой бөлісті.

   Сонымен қатар, мұғалімдер ауыл атауын «Осакаровка ма, әлде Сарыбел ме?» деген тақырыпта дебат өткізді.

Қатысушыларға өлкетану тәжірибесі ұсынылды.

Өткізілген іс-шараға  100 мұғалім қамтылды.