Размер шрифта:
«Цифрлық техника» және «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандықтары бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауы
21-12-2022 07:21
«Цифрлық техника»  және  «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандықтары бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауы

        2022 жылдың 21 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік  орталығымен Шахтинск технологиялық колледжі бірлесіп   «Цифрлық техника» және «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы облыстық кәсіби шеберлік байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату және ТжКОББ жүйесінің арнайы пәндер оқытушыларының және өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби және педагогикалық шеберлігін арттыру болып табылады.

Барлық модульдер белгілі бір критерийлер бойынша бағаланды, бұл конкурсқа қатысушылардың нәтижелерін ашық бақылауға мүмкіндік берді. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын - Правосудов Михаил Васильевич, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК  арнайы пәндер оқытушысы;

2 орын - Кариполла Алқагул, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы.

Қатысушылар  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.