Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 21 желтоқсанында қалалық / аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың орынбасарларына, математика және физика пәнінің мұғалімдері үшін «ЗЕЙІН» әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясында ZOOM платформасы арқылы «Математика және физика сабақтарында функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді әдістері» атты шеберлік сыныптар өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты.
Шеберлік сыныптар барысында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Машрапова Айжан Әлипбековна, Приозерск қаласы «№2 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі
Шербаева Нагашыгуль Тогызбаевна, Приозерск қаласы «№1 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі
Джантасова Гулназ Тынымбаевна, Приозерск қаласы «№1 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі