Размер шрифта:
ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ
04-01-2023 00:25
ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2023 жылдың 04 қаңтарында физика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатымен Қысқы мектеп өз жұмысын бастады. Қысқы мектепке барлығы 200 педагог қатысты.

Қысқы мектеп аясында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

Калимуллина Нурия Нурихановна, Шахтинск қаласы «Ш. Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Шитова Татьяна Александровна, Шахтинск қаласы, «№ 11 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Бекешева Райхан Женысовна, Шахтинск қаласы «№ 2 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Тусивахын Зоя, Шахтинск қаласы, «Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Хохон Маржан, Шахтинск қаласы, «С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Айкенова Жанна Канатовна, Шахтинск қаласы, «С. Асфендияров атындағы ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі.