Размер шрифта:
Орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері сабақтарында PBL тәсілін қолдану
05-01-2023 08:06
Орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері сабақтарында PBL тәсілін қолдану

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылы 4 қаңтар «Мұрагер» орта мектебімен бірлесіп орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері мұғалімдеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында PBL тәсілін қолдану» тақырыбында Қысқы мектеп өткізді. PBL немесе проблемалық-бағдарланған оқыту баланың креативтік дамуын жетілдіруге бағытталған, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және командада жұмыс істеуге, ақпаратпен өз бетінше қолдануға ықпал етеді, оқушылардың ынтасын арттырады және нәтижеге бағытталған. Қысқы мектепке Қарағанды облысының 200 орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері мұғалімдері қатысты.

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін келесі мұғалімдер сөз сөйледі:

Ибадельдаева Жамиля Рахметуллиновна «PBL – жобалық қызметті дамыту әдісі ретінде»;

Жакупбекова Дана Жайыковна«Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында PBL әдісін қолдану»;

Стожарова Юлия Борисовна «Жобалық қызмет PBL әдісін қолдану нәтижесінде».

Шет тілі мұғалімдері келесі мәселелерді қарастырды:

Хамитова Алмагуль Хасеновна «Ағылшын тілі сабақтарында Problem Based Learning (PBL)»;

Испулаева Алмагуль Бакитовна «Оқушыларды даярлауда Design Pitch әдісін қолдану»;

Чистякова Инна Владимировна «Үлкен топтарда ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері»;

Казангапова Меруерт Онергалиевна «Интернет-ресурстарды пайдалану арқылы ағылшын тілін оқыту»;

Абрашкина Мария Игоревна «Ағылшын тілі мұғалімдері үшін пайдалы интернет-ресурстар».

Орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері мұғалімдері көптеген жаңа және қызықты ақпарат алды, алған ақпаратын өз қызметінде одан әрі қолдану туралы жылы пікірлерімен және ойларымен бөлісті.