2023 жылдың 5 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Республикалық «Үздік педагог» - 2022 жеңімпазы Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Альжанова Мөлдір Жақсыбайқызымен «Табысты нәтиже - ұстаз мәртебесі» тақырыбында кездесу-сұхбат өткізілді.
Кездесу барысында Мөлдір Жақсыбайқызы ұстаздық жолды неліктен таңдады, табысты нәтижеге жету үшін қандай жұмыстар жасалу керек және қалай жасалуы керек деген сұрақтарға жауап бере отырып, өзі жетекшілік жасап жүрген «Жас журналист-жас блогер» облыстық жобасы бойынша жас педагогтерге ақпарат берді, тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар ұстаздықпен қатар алып жүрген ақындық жолы туралы сыр шерте отырып, бірнеше өлеңдерін оқыды. Кездесу барысында жас педагогтер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салып, пікір алмасты.
Кездесу-сұхбатқа 30-ға жуық жас педагогтер қатысты.