Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Дарынды оқушымен жұмысты ұйымдастыру әдістемесі» оқыту семинары
05-01-2023 09:15
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған  «Дарынды оқушымен жұмысты ұйымдастыру әдістемесі»  оқыту семинары

      2023 жылдың 5 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қысқы мектеп аясында офлайн форматында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің жас педагогтеріне арналған «Дарынды оқушымен жұмысты ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында Қарағанды қаласы Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Сураган Орден, Абдирова Рысты Мнажовна;Жакишева Жанаргул Кенжегалиевна, Альжанова Мөлдір Жаксыбаевналар шеберлік сабақтар беріп, /Learnis.ru бағдарламасы/, /Jamboard тақтасы/ тәжірибе алмасты.Семинар тақырыбы бойынша практикалық жұмыстарға ұштасқан теориялық құнды мәліметтер берілді.

Офлайн форматында өткен оқыту семинарына облыстың 30-ға жуық жас педагогтері қатысты.