ГЕОГРАФИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ
Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылының 5 қаңтарда педагогикалық тәжірибе алмасу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында қысқы мектеп аясында вебинар өткізді. География мұғалімдері пән бойынша қиын тапсырмаларды шешіп, картографиялық және олимпиадалық тапсырмалармен жұмыс жасады.
Вебинарда өз тәжірибелерімен бөлісіп, өткізді:
- Е. Хуатхан, Бұқар жырау ауданының, «Токаревка тірек мектеп (РО)жанындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ география пәні мұғалімі
- Б. Баянхан, география пәнінің мұғалімі «Озат»мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты
- А.Б. Тургумбеков, география пәнінің мұғалімі «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты
- Т. Хадам, Бұқар жырау ауданының, «Жанаталап жалпы білім беретін мектеп» КММ география пәні мұғалімі
- Е.Д. Байкенова, Бұқар жырау ауданының «А. Байтұрсын атындағыжалпы білім беретін мектеп» география пәні мұғалімі
- Ю.Ю. Садыкова, Осақаров ауданының «№16 жалпы білім беретін мектеп»КММгеография пәні мұғалімі
- С.Р. Павленко, Шахтинск қаласының «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ география пәні мұғалімі
- О.В. Пешкова,Қарағанды қаласының «Ю.Н. Павлов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ география пәні мұғалімі
86 география пәні мұғалімдері қамтылды.