Размер шрифта:
Қысқы мектеп аясында «Бейнеролик жасау» тақырыбында оқыту курсы
06-01-2023 17:07
Қысқы мектеп аясында  «Бейнеролик жасау» тақырыбында оқыту курсы

      Қысқы мектеп аясында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қашықтықтан оқыту курстарының тақырыптары бойынша объективті ақпарат алу және бейімділікті анықтау мақсатында өткізілген сауалнаманың нәтижесінде, 2023 жылдың 04-06 қаңтар аралығында «Қашықтықтан BOOM» жобасына қосылған білім беру ұйымдарына «Бейнеролик жасау» тақырыбы бойынша  оқыту курсын ұйымдастырды.

Курстың мақсаты: бейнеролик құру өнерінің негіздерін оқыту, бейне өнімдерін жасауға қызығушылықты дамыту. Бейнеролик құрудың негізгі тәсілдерін меңгеру, бейнесабақтар мен түрлі бейне-дыбыстық арнайы әсерлерді жасау, жасалып жатқан фильмнің дыбыстық сүйемелдеуімен жұмыс істеу бойынша негізгі білім алу.

Аталған курс бойынша Қарағанды облысының 85 педагогі оқудан өтті. Курстарды қазақ тілінде Жарқымбек Алмас Айдосұлы және орыс тілінде Акижанов Ержан Нуржанович өткізді. Педагогтер курстың жаттықтырушыларының жоғары біліктілігін, сондай-ақ материалды жеткізудің анықтығы мен қисындылығын атап өтті.