Размер шрифта:
Қысқы мектеп аясында «Microsoft Excel» тақырыбында оқыту курсы
06-01-2023 17:23
 Қысқы мектеп аясында «Microsoft Excel» тақырыбында оқыту курсы

      Қысқы мектеп аясында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қашықтықтан оқыту курстарының тақырыптары бойынша объективті ақпарат алу және бейімділікті анықтау мақсатында өткізілген сауалнаманың нәтижесінде, 2023 жылдың 04-06 қаңтар аралығында «Қашықтықтан BOOM» жобасына қосылған білім беру ұйымдарына «Microsoft Excel» тақырыбы бойынша  оқыту курсын ұйымдастырды.

Курстың мақсаты: MS Excel бағдарламасын қолдану және оны одан әрі дамыту үшін тыңдаушыларда келесі қадамдар үшін қажетті білім базасын қалыптастыру.

Аталған курс бойынша Қарағанды облысының 38 педагогі оқудан өтті. Курстарды қазақ тілінде Мухамеджанова Бакытжан Муратовна және орыс тілінде Анисимова Виктория Евгеньевна өткізді. Педагогтер курстың жаттықтырушыларының жоғары біліктілігін, сондай-ақ материалды жеткізудің анықтығы мен қисындылығын атап өтті.