МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ «Пәндік құзыреттілікті арттыру. Математика пәнінен нәтижеге жетудің тиімді әдіс-тәсілдері».
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2023 жылдың 06 қаңтарында математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатымен өткізілген Қысқы мектеп жұмысы өз мәресіне жетті. Қысқы мектепке барлығы 200 педагог қатысты.
Қысқы мектеп аясында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Мақсұт Нұрсара Мұқатайқызы, «Дарын» ММЛИ математика пәнінің мұғалімі;
Мекеева Арайлым Айыповна, «Дарын» ММЛИ математика пәнінің мұғалімі;
Аскаров Алтынбек Нуркенович, «Дарын» ММЛИ математика пәнінің мұғалімі;
Ескожина Аягоз Жанабаевна, «Дарын» ММЛИ математика пәнінің мұғалімі;
Губерт Алла Сергеевна, «Дарын» ММЛИ математика пәнінің мұғалімі.