Размер шрифта:
Критериалды бағалау орыс тілі мен әдебиетінің, шет тілдерінің заманауи сабақтарының негізі ретінде
05-01-2023 08:46
Критериалды бағалау орыс тілі мен әдебиетінің, шет тілдерінің заманауи сабақтарының негізі ретінде

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері мұғалімдеріне арналған 05.01.23 жылы «Заманауи сабақтың негізі ретінде критериалды бағалау» тақырыбы бойынша Қысқы мектеп өткізді. Білім беру тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейі болып табылады. Бұл оқу іс-әрекетінің қалай жұмыс істейтінін және дамитынын көрсетеді. Сондықтан бағалау жүйесінің маңызы зор және оның қаншалықты сапалы құрылғаны білім сапасын арттырудағы әлеует деңгейіне байланысты.

Қысқы мектеп аясында келесі мәселелер қаралды:

«Критериалды бағалау жүйесінің принциптері мен мазмұны», Невиннова Елена Анатольевна, Қарағанды қ. «№ 97 гимназия « КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;

«Критериалды бағалау құрылымы», Бейсенгалиева Сания Токаевна, Қарағанды қ. «№97 гимназия» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;

«Ойлау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды бағалау критерийлерін жасау: оқу және жазу», Бекболатова Гүлшат Избасаровна, Жамбыл атындағы ММЛИ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

«Ойлау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды бағалау критерийлерін жасау: тыңдау және сөйлеу», Тлеугазина Саулеш Орынбаевна, «№1 БИЛ « КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;

«Орыс тілі сабағының әртүрлі кезеңдеріндегі критериалды бағалау», Пахомова Маргарита Сергеевна, Саран қ. «№1 мектеп-лицей» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

«Әдебиет сабақтарында формативті және жиынтық бағалауды қолдану», Сулейменова Татьяна Ивановна, Қарағанды қ. «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназия» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;

«Criteria-based assessment in English lessons»,Байгазиева Айгуль Нурсултановна, Жамбыл атындағы ММЛИ ағылшын тілі мұғалімі.

«Criteria Effective methods-based assessment on the example of teaching writing and speaking skills in High School», Нам Татьяна Николаевна, «Қ. Сәтбаев атындағы гимназия» КММ ағылшын тілі мұғалімі;

«Criteria-based assessment as an instrument to achieve learning goals», Омарбай Айдана Маратовна, Хажымурат Макпал Маратовна, «№1 БИЛ» КММ ағылшын тілі мұғалімдері.

Қысқы мектепке Қарағанды облысының 200 орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері мұғалімдері қатысты. Орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері мұғалімдері көптеген жаңа және қызықты ақпарат алды, алған ақпаратын өз қызметінде одан әрі қолдану туралы жылы пікірлерімен және ойларымен бөлісті.