Қарағанды облысының «Өркен» мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтарының қауымдастығы ОӘО әдіскері А.Д. Бугубаеваның жетекшілігімен Саран қаласының «Сәуле» бөбекжайы» КМҚК базасында жас мамандардың кәсіби дағдыларын арттыру және жас педагог мәртебесін көтеру мақсатында 2023 жылғы 9 қаңтарда жас мамандарға арналған «Ұйымдастырылған қызметте модельдеуші шығармашылық процесті дамытуға бағытталған интеллектуалды ойындарды пайдалану» тақырыбында семинар - практикум өтті. Оған Қарағанды облысы аудандары мен қалалары: Абай ауданы, Бұхар – Жырау ауданы, Саран қаласы, Теміртау қаласы, Шахтинск қаласы балабақшаларының 70-тен астам жас педагогтары қатысты.
Жас мамандар жаңа ақпарат алды, және өздері үшін баланың жан – жақты дамуына ықпал ететін интеллектуалды ойынның балаларға әсер етудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылатындығы және онда оқыту принципі ойната – оқытудың барынша толық және айқын көрінетіндігі туралы қорытынды жасады.
Жұмысты ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен формаларын қолдана отырып, балалардың жан – жақты дамуының жоғары деңгейіне қол жеткізу әрдайым мүмкін емес. Сондықтан бұл мәселелерді шешудің ең қысқа жолы – интеллектуалды ойын арқылы өту. Интеллектуалдық ойындар балабақша бағдарламасының көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндік береді: әлеуметтік құбылыстармен танысудан, қарапайым математикалық идеяларды қалыптастырудан бастап физикалық жетілдіруге дейін.
Жас педагогтар алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады және ағымдағы қызметке жаңа жұмыс түрлерін енгізе алады, жас педагогтардың айтуынша, кездесу жылы достық атмосферада өтті, жағымды әсер қалдырды, қызықты болды, пайдалы ақпаратпен және жағымды энергиямен толтырылды. Сонымен қатар, басқа өңірлерден келген жас әріптестермен қарым – қатынас жасауға, жұмыс барысында толғандыратын сәттерді талқылауға тамаша мүмкіндік берілді.