Ағылшын тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдістері
10-01-2023 06:16
Ағылшын тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдістері

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 10.01.2023 жылы «Зейін» жобасы аясында шеберлік сыныптарын өткізді.

Облыстың 3 мұғалімі өз тәжірибесімен бөлісті. Шахтинск қаласының «Евней Бөкетов атындағы ОМ» КММ ағылшын тілі мұғалімі Казанина Марина Владимировна ағылшын тілі сабақтарында оқу және сөйлеу дағдыларын дамыту туралы айтып берді. Теміртау қаласының «№11 ОМ» КММ ағылшын тілі мұғалімі Асанова Самал Нурбердиевна өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, функционалдық сауаттылықты оқытудың белсенді әдістері туралы айтып берді. Семинарға қатысушылар Теміртау қаласының «№6 ОМ» КММ ағылшын тілі мұғалімі Дю Наталья Георгиевнамен бірге функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша практикалық жұмыстарды орындады.

Шеберлік сынып жұмысына Қарағанды облысының 100 мұғалімі қатысты. Мейірімді атмосфера, белсенді қатысу және оң пікірлер шеберлік сабағын сәтті өткізуге ықпал етті.