Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған вебинар
![Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған вебинар](/media/img/blogs/63c1f7ec47515.png)
2023 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды қаласының білім бөлімімен бірлесіп қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған тәжірибелік вебинар өткізді.
Вебинар барысында Қарағанды қаласының «№3 Балалар өнер мектебі» КМҚК педагогтері «Қобыз-прима аспабындағы штрихтау техникасы», «Домбыра аспабының дыбысталу ерекшеліктері», «Домбырашының бастапқы кезеңіндегі ансамбльдік орындауы» тақырыптарында жұмыс тәжірибесін таратты.