2023 жылдың13 қаңтарында Қарағанды тамақтану және сервис колледжі өзінің базасында Қарағанды облысындабілім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, «Сервис» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігініңжұмысы шеңберінде «Аспаздық өнер әлеміне» облыстық тәжірибеге бағдарланған семинар-турне өткізді.
Семинарды өткізудің мақсаты - Қарағанды облысы колледждері педагогтерінің кәсіби қызметінің сапасын арттыруға ықпал ету.
Іс-шараға Қарағанды облысы ТжКОББ ұйымдарының 25 педагог қатысты.
Семинар-турнебарысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті, нан-тоқаш, кондитерлік өнімдерді дайындау бойынша интеграцияланған сабақ және үш шеберлік сыныбын өткізді.
Іс-шара соңында әріптестер ұсынылған жұмыс тәжірибесі үшін алғыстарын білдірді.