Инновациялық мектептердің директорларына және директордың орынбасарларына арналған әдістемелік күн
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 17 қаңтарында ZOOM режимінде инновациялық мектептердің директорларына және директордың орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.
Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:
1. 2021-2022 және 2022-2023 оқу жылдарының 2 тоқсанындағы пәндер бойынша үлгерім мен білім сапасын талдау.
2. Білім алушылардың білім сапасын арттыру бойынша жұмыстар.
3. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Логика күнін» өткізу туралы.
Қатысушылар саны: 61.