Размер шрифта:
«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАДАМ» ОБЛЫСТЫҚ АГРОСЫНЫП ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
19-01-2023 08:48
«АУЫЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫНА  ҚАДАМ»  ОБЛЫСТЫҚ АГРОСЫНЫП  ЖОБАСЫНЫҢ  ЖҮЗЕГЕ  АСЫРЫЛУЫ

 Қарағанды  облысында  білім  беруді  дамытудың  оқу – әдістемелік  орталығының  жоспарына  сәйкес  2023  жылдың  19  қаңтар  күні  «Ауыл  шаруашылығына  қадам»  агросынып  жобасын  жүзеге  асыруда     ынтымақтастық  іс – қимыл  жұмыстарының  ұйымдастырылуы»   тақырыбында  облыстық   вебинарөткізілді.

          Бекітілген  бағдарламаға  сәйкес жобаға енген Қарқаралы,  Шет  аудандарының    білім  беру  ұйымдары  кәсіби  бейіндік агросынып  жобасын  жүзеге  асыру  жұмыстарымен таныстырды.  Қарқаралы  ауданының  ЖББ  № 3,  Ә.Бүркітбаев атындағы № 12  мектептердің химия, биология пәндері мұғалімдері Елюбаева Н.Ж.,  Нұрмағанбетов Н.Б.,   Шет ауданының «Бұрма»  тірек  мектебінің    кәсіптік бағдар беруші  Абдикерова  Ш.Б.  және  «Еркіндік»  ЖББМ  директоры Амирова  А.А. «Агрохимия  негіздері»  курсын  оқыту  арқылы   білім  алушылардың  ауыл  шаруашылығы  мамандықтарына   қызығушылығын  арттыру»,  «Диқаншылық – еңбек  мектебі», «Оқушыларды  ауыл  шаруашылық  мамандықтарына  бейімдеудің   бастапқы  қадамдары»,  «Агросынып  жобасын  жүзеге асыру   - кәсіби  бағдар  беру   негізі» тақырыптарында    өз  іс – тәжірибелерімен  бөлісіп, алда  атқаратын  жұмыс  жоспарларымен  таныстырды.

          Вебинарға қатысушылар әріптестерінің ұсынған жобаны жүзеге асыру бойынша жақсы жұмыстарына ризашылықтарын білдірді.

Вебинар  жұмысына    87  педагог  қатысты.