Размер шрифта:
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тапсырмалар дайындау
18-01-2023 09:33
 Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тапсырмалар дайындау

       2023 жылының18 қаңтарында Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Қарағанды облысының мұғалімдер қауымдастығы жас педагогтарға арналған "ЕББқажеттілігібар балаларға арналған орыс тілі мен әдебиеті бойынша тапсырмалар дайындау"тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Шеберлік сыныбына Қарағанды облысының 89 мұғалімі қатысты. С.М. Цемох "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамыту әдістері"тақырыбында сөз сөйледі. А. И. Винокурова, "Ақтас кентінің №13 ЖББОМ" КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған орыс тілі мен әдебиеті бойынша тапсырмалар жасау үшін қолданылатын өзекті әдістер" тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Шеберлік сыныпқақатысқан жас педагогтар ҚМЖ жасау үшін белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша көптеген кеңестер алды.