«Ерте жастан экологиялық мәдениет» жобасы аясында семинар
19-01-2023 16:34
 «Ерте жастан экологиялық мәдениет» жобасы аясында семинар

      2023 жылдың 19 қаңтарында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, тәлімгерлер үшін Теміртау қаласының «№16 ЖББМ» КММ экологиялық білім беру бойынша іс-тәжірибені тарату семинарын өткізді.

Семинардың спикерлері: Теміртау қаласы мәслихатының депутаты, «Отражение» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, эколог Варганова Елена Петровна және Теміртау қаласының «№16 ЖББМ» КММ пән мұғалімдері, мектептің түлегі семинар барысында іс-тәжірибелерімен бөлісті.