Размер шрифта:
«Құндылыққа негізделген тәрбиені қалыптастырудағы музей педагогикасы және музейтану жұмысы» тақыбындағы вебинар
20-01-2023 07:35
«Құндылыққа негізделген тәрбиені қалыптастырудағы музей педагогикасы және музейтану жұмысы»  тақыбындағы вебинар

      2023 жылдың 20 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қалалық және аудандық білім бөлімдерінің музей жұмыстарына жетекшілік ететін әдіскерлер, білім беру ұйымдарының педагогтеріне «Құндылыққа негізделген тәрбиені қалыптастырудағы музей педагогикасы және музейтану жұмысы» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар жұмысына Кудабаева Бибигуль Сагинтаевна, «Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі» КМҚК-ның директоры, Алиева Шолпан Омирбековна, Қарағанды қаласы «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ директордың ТЖ орынбасары, Шалмагамбетова Гаухар Мейрамовна, «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі, Пучкова Инна Викторовна, Қарағанды қаласы, №61 жалпы білім беретін мектебі» КММ директордың ТЖ орынбасары, Янчевская Яна Александровна, №61 жалпы білім беретін мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Ильясова Назира Аскаповна, Теміртау қаласы, «Қыздар гимназиясы» КММ директордың ТЖ орынбасары, Базарбаева Жанат Куандыковна, «Қыздар гимназиясы» КММ тарих пәні мұғалімі, Тобылов Адиль Сабржанович, Қарағанды облысының «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей интернаты» КММ тарих пәні мұғалімі спикер ретінде қатысып, оқушыларға құндылыққа бағытталған  тәрбие беруде мектеп мұражайының рөлі, мұражайдағы сабақ түрлері мен оларды өткізудің инновациялық әдіс-тәсілдері мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныптар өткізді.