2023 жылдың 20 қаңтарында облыстық педагогикалық пәндер оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының үйлестіруімен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы педагогикалық сала бойынша
кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, байқауға қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу болып табылады.
Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.
Байқауға 6 педагог қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Арнайы пәндер педагогтері арасындағы педагогикалық сала бойынша:
1 орын - «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК педагогика пәнінің оқытушысы Жумкина Дидар Боранкуловна;
2 орын - «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК педагогика және психология пәндерінің оқытушысы Толегенова Индира Каиржановна.
Жалпы білім беретін пәндер педагогтері арасындағы педагогикалық сала бойынша:
1 орын - «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК ағылшын тілі оқытушысы Седова Анастасия Викторовна;
2 орын - «Қарағанды «Болашақ» жоғары колледжі» ЖММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Кабылова Меруерт Блялкызы.
Өңірлік деңгейде 1 орын алған жеңімпаздар педагогикалық сала бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіптік шеберлік конкурсына қатысуға құқылы.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.