2023 жылдың 23 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық Ассоциациясының ұйымдастыруымен «Орта білім мазмұнын жаңарту аясында саралап оқыту» тақырыбында жас мамандарға арналған нетворкинг өткізілді.
Орта білім мазмұнын жаңарту аясында саралап оқыту тәсілдерін тәжірибе алмасу арқылы меңгерту, педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатындағы іс-шарада қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ассоциациясының төрағасы, «Шәкәрім атындағы гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Кубекова Құралай Төлепбергенқызы «Мақсатқа бағытталған сараланған тапсырма – білім сапасын арттыру көзі» тақырыбындағы әдістемелік таныстырылымымен бөлісті. Бұқар жырау ауданы «Әлкей Марғұлан атындағы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сембаева Ботакоз Сагындыковна «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында саралап оқытуды қолданудың тиімдігі», Осакаров ауданы «Әлихан Бөкейхан атындағы ТМ (РО)» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тусупбекова Жанар Куанышевна «Оқу мақсатына сай тапсырмаларды саралап құрастыру» шеберлік сабақтарын көрсетті.
Шараға облыс бойынша 70-ке жуық жас педагогтер қатысты.