2023 жылғы 23 қаңтарда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Шахтинск қаласының білім бөлімі Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицей базасында «ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры» тақырыбында облыстықсеминар өткізді.
Семинарда Шахтинск қаласының жалпы білім беретін мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Бастауыш сыныпта оқылым дағдыларын қалыптастыру», «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тыңдалым, айтылым дағдысын қолдану тәсілдері», «Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың жазылым дағдыларын арттыру жолдары» бағыттары бойынша ықшам сабақтар көрсетсе, мұғалімдердің құзыреттіліктерін дамыту мақсатында «Анықтама жазу - талдаудың жоғары идеясы», «Мұғалімнің әдістемелік жұмыс үлгісі», «Мұғалімнің әдістемелік қоржыны», «Ойын технологияларын қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру», «Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнын түсіну», «Оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар құрастыру жолдары», «Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс жасау түрлері», «Оқу сауаттылығы: Мәтінмен жұмыс», «Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда АКТ қолдану» тақырыптарында коучинг, тренингтер, шеберлік сабақтар берілді.
Семинарға Қарағанды, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларынан, Абай, Бұқар жырау, Осакаровка, Нұра аудандарынан, мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 95-ке жуық мұғалім қатысты.