Размер шрифта:
ТАРИХ СЕРПІНІ
27-01-2023 15:49
ТАРИХ СЕРПІНІ

      Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  2023 жылы 27 қаңтарда «Тарих серпіні» облыстық жобасы аясында «Тарих сабағында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттырудың өзектілігі» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде нетворкинг өткізді. Нетворкингде «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының тарих пәні мұғалімдері өз тәжірибелерін ұсынды.

Н.Е. Хамитов, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі, «Тарих пәні сабақтарында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын оқытудың белсенді әдіс – тәсілдері арқылы дамыту» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

Қ.Б. Балтабаев, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының «Тарих сабақтарында әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды қолдану арқылы оқу сауаттылығын дамыту» жұмыс тәжірибесін бөлісті.

Барлығы семинарға қатысушылар саны 87 адамды құрады.