Размер шрифта:
«ЖАҢАРТЫЛҒАН МАТЕРИАЛДЫҚ – ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
26-01-2023 16:46
«ЖАҢАРТЫЛҒАН  МАТЕРИАЛДЫҚ – ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

      Қарағанды  облысында  білім  беруді  дамытудың  оқу – әдістемелік  орталығының  жоспарына  сәйкес  2023  жылдың  26  қаңтар  күні Республикалық «Ауылдық  жердегі тірек  мектебінің  (РО)  әлеуетін  дамыту»   жобасына  енген  «Қазақстан  халқына»  және  «Білім  беруді  тұрақты  дамыту»  қорларының демеушілігімен оқу-материалдық базасы  жаңартылған  Ақтоғай  ауданындағы К.Байсейітова  атындағы  тірек мектебінде  (РО)  оқу-тәрбие үдерісінің  ұйымдастырылу  барысы   бойынша  облыстық  вебинар  өткізілді.

      К.Байсейітова  атындағы  тірек мектебінің (РО) директоры Амралина К.А. мектептің кейінгі 3 оқу жылындағы тыныс-тіршілігімен, білім сапасының мониторингісімен, білім алушылардың және педагогтердің облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлердегі жетістіктерімен таныстырды.

     Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Балкыбекова А.М. «Жаңартылған  материалдық - техникалық  базаның мүмкіндіктерін мектептің оқу – тәрбие  үдерісінде  қолдану  жолдары»,  директордың  ақпараттандыру жөніндегі  орынбасарыҚабыхан А.Д. «Оқушылардың қызығушылығын арттыруда  ақпараттық технологиялардың  маңызы», директордың тірек мектебі  жөніндегі орынбасары Сатмаганбетова Ж.А. «Ауылдық  жердегі тірек мектебі мен магниттік мектептердің  даму  мүмкіндіктері»  тақырыптары бойынша  жүргізілген  ауқымды  жұмыстарын ортаға  салып, жаңартылған  оқу  кабинеттерінің  мүмкіндіктерін пайдалану арқылы  заман  талабына  сай  ұйымдастырылған  жұмыстарын  ұсынды.   

      Вебинарға  қатысушылар әріптестерінің  мектеп  бойынша  атқарылған  жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп,  әр  білім  алушының  мүмкіндіктерін  дамытудағы  істеріне  сәттілік  тіледі.

Вебинар  жұмысына    140  педагог  қатысты.