Размер шрифта:
«Жас маманның табысқа апарар жолы» форумы
27-01-2023 17:13
«Жас маманның табысқа апарар жолы» форумы

      2023 жылдың 27 қаңтарында Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығы информатика мұғалімдерінің қауымдастығымен бірлесіп, облыстың жас педагогтеріне арналған «ЖАС МАМАННЫҢ ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛЫ» форумын өткізді.

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Абдикерова Бакиткул Химальдиновна «ЖАС МАМАННЫҢ ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛЫ» форумын ашып, құттықтау сөзін айтты.

Инновациялық оқыту түрлері және электрондық білім беру бөлімінің меңгерушісі Сартаева Жансая Ахмедьяновна жас педагогтерге инновациялық жобаларды іске асыру туралы таныстырды.

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Какенбекова Анел Асылановна Қарағанды облысында компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтың дамуына талдау жүргізді.

Қарағанды облысының информатика мұғалімдері қауымдастығының төрағасы Ильина Елена Анатольевна 2023 жылға арналған информатика мұғалімдері қауымдастығының жұмыс жоспарымен таныстырды.

Қауымдастық мүшелері: Мельник Дмитрий Владимирович, Шет ауданының «Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі» КММ, Марченко Нина Николаевна, Шахтинск қаласының «№5 гимназия» КММ «Біз бір командамыз» TEAM BUILDING өткізді.

Форум барысында келесі тақырыптар бойынша шеберлік сыныптары өтті:

  • «Инттелектуалды ойындарды ұйымдастыру және  өткізу»- Журавлева Юлия Валерьевна, Теміртау қаласының «Бірінші Теміртау классикалық лицей» информатика пәнінің мұғалімі.
  • «Бағалаудағы саралау, ментальды карта, миға шабуыл» - Акижанов Ержан Нуржанович, Қарағанды қ. «№73 ЖОББМ» КММ директордың оқу-тәрбие жөніндегі  орынбасары.
  • «Тиімді сабақты жоспарлау-цифрлық сауаттылық негізі»- Жексенбина Нургуль Бахарамовна, Қарағанды қ. «С. Сейфуллин атындағы Гимназия» КММ.

«Өнегелі өмір» жобасы аясында «Үздік педагог» республикалық байқауының жүлдегері, Қарағанды облысының «Білім-Инновация №1» Лицей-интернаты директордың үштілділік жөніндегі орынбасарыАхметов Нурсултан Тойбековичпен кездесу өтті.

Сондай-ақ, Қауымдастық төрағасы, информатика пәнінің мұғалімі Ильина Елена Анатольевна жас педагогтерге арналған «Үйренетініміз көп»  байқауын өткізді.