Размер шрифта:
«Кәсіби өсу сатысы» жас басшылар мектебі өз жұмысын бастады.
27-10-2014 05:00
«Кәсіби өсу сатысы» жас басшылар мектебі өз жұмысын бастады.

      Қарағанды облысы ББД  оку-әдістемелік орталығында білім беру ұйымдарын басқаруда жас басшыларға теориялық білімдерін практикамен ұштастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Кәсіби өсу сатысы» жас басшылар мектебі өз жұмысын бастады.

      7-9 қазан күндері жас басшылар мектебінің І топ тыңдаушылары және 20-22 күндері  ІІ топ тыңдаушылары курстан өтті. Жаңаарқа, Ақтоғай, Шет, Қарқаралы, Ұлытау, Абай аудандарынан және Сәтпаев қаласынан  барлығы 30-адам қамтылды.  Айына 3-күннен жоспарланған курс 4-ай бойы оқытылады. Жас басшылар курс барысынында алған білімдерін, тәжірибелік алаңда бекітуге мүмкіндік алды.