Размер шрифта:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында облыстық «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» конкурсы
27-01-2023 07:47
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  ұйымдарының педагогтері арасында облыстық «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» конкурсы
      2023 жылдың 27 қаңтарында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің базасында Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының үйлестіруімен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында облыстық «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық конкурсы өтті. 
Байқаудың мақсаты қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының инновациялық оқыту тәжірибесін анықтау және бағалау, үздік  педагогикалық  идеяларын  тарату, талантты  оқытушыларды  қолдау болып табылады.
Конкурстың салтанатты ашылуында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің директоры Әміров Есжан Сарманқұлұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Байқауға Қарағанды облысы ТжКОББ ұйымдарының 10 қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары қатысты. 
Байқау үш модульден тұрды: «Мен – ұлағатты ұстаз!», «Үздік әдістемелік қоржын», «Таратуға лайықты идеялар». Байқау барысында педагогтер өздерінің жетістіктерімен таныстырып, оқу процесінде қолданылатын тиімді әдістер мен технологияларды, авторлық бағдарламалар мен әзірлемелерді көрсетті. Сонымен қатар «TED» форматы арқылы педагогикалық идеялармен бөлісті. 
Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы сыни тұрғыдан бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бас жүлде - Мақатай Ерұлан, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК;
1 орын - Макетова Ардақ Рымханқызы, «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» ЖММ;  
2 орын - Денеева Әйгерім Рымқұлқызы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК;
3 орын - Сейітова Жанар Ризабекқызы, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК. 
Жеңімпаздар дипломдармен, қатысушылар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сертификаттарымен марапатталды.